Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТҮЗЕТУ ЕНГІЗУ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Қызылорда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаланың бас жоспарына түзетулер енгізу жобасы талқыланды. Сессия отырысына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова қатысты.
Халық қалаулылары бас жоспарға өзгерістер енгізу жобасын қарады. Ол бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Мұқамедиса Әлсеріков баяндады. Соңғы 5 жылдықта бас жоспар аясында қабылданған жобалық шешімдер кезең-кезеңмен жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде Қызылорданың даму жағдайы едәуір өсті. Құрылыс саласы қарқынды жүріп, еңсесі биік ғимараттар бой көтеруде.
– Бүгінгі күні республика бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында еліміздің аумағын дамытудың бас жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Еліміздің стратегиялық мақсаттары мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары қайта құрылды. Осыған орай Қызылорда қаласының да бас жоспарына түзетулер енгізу қажеттілігі туындады. Бұл мақсатты орындауда облыс бюджетінен биылға қажетті көлемде қаржы бөлінді, – деді басқарма басшысы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: