Қызылорда облысы Қазалы ауданында жеке тұрғын үйде газ баллонының жарылысы болды. Оқиға салдарынан3 адам күйік жарақатын алды.
Оқиға Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі жеке тұрғын үйде болды. Онда 5 литрлік газ баллоны жарылған. Нәтижесінде күйік жарақатын алған 3 адам ауруханаға жатқызылды.
«Жарақат алған адамдар арасында 1994 жылы дүниеге келген адамның жағдайы ауыр. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Ал 1997 және 2001 жылдары дүниеге келген екі адамның бас миы шайқалған, жағдайлары орташа. Болжам бойынша жарылыстың шығу себебі ретінде газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасы бұзылуы айтылып отыр. Жылыту пешінің жанында газ баллоны қыздырылған, ол дәнекерлеу шамы үшін пайдаланылған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.