Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыр бойылық 200 балаға Президенттің жаңа жылдық сыйлығы табысталды

Бүгін карантиндік шектеулерге байланысты шырша мерекесі онлайн форматта өтіп, бір мезетте қала және аудандардағы 200 балаға Президент сыйлығы табысталды.
Президент шыршасы мерекесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова телевизиялық форматта балаларға тілек білдіріп, жаңа жылмен құттықтады.
Мерекеге орай облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова мен облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова көп балалы отбасыдан шыққан 253 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Сержанова Алияның үйіне жаңа жыл кейіпкерлерімен бірге барып, сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, балаларға қуаныш сыйлайтын ғажайып мерекеде аудан әкімдері мен аудандық білім бөлімдерінің басшылары оқушыларды мерекелерімен құттықтап, ыстық лебіздерін жеткізді.
Айта кетейік, Президент шыршасы аясында әлеуметтік санаттағы отбасылардың балаларына Президент құттықтауы мен планшет, роутер, 6 айға тегін интернет пен ойыншықтар, кітаптар және тәтті сыйлықтар табысталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: