Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫОблыс әкімінің төрағалығымен жылу беру жөніндегі штаб отырысы өтті. Онда аймақтағы жылу беру маусымына дайындық шаралары пысықталды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласының 6,4 шақырымдық екі жолақты жылу желілерін қайта жаңғыртуға Ұлттық қордан 997,2 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, бөлінген қаржы жергілікті атқарушы орган тарапынан толық игерілді. Ал табиғи монополия субъектісі тарапынан (ҚЖЭО) игерілу көрсеткіші – 95 пайыз. Бұл мердігерлердің атқарылған жұмыстар актісін ұсынуына байланысты болып отыр. 
Мұнымен қоса, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен (ЕҚҚДБ) бірлесіп, «Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы бойынша 5 ішкі жоба нақтыланды. Олар 2015-2017 жылдары аралығында толықтай жүзеге асырылады.
Әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер бойынша Қызылорда облысында 1177 әлеуметтік нысан, оның ішінде, 464 білім, 377 мәдениет, 336 денсаулық сақтау нысандарында және ондағы 552 кіші қазандықтардың барлығына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 647 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың жылу қазандықтарына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: