Осыдан шамалы уақыт бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының жобасы аясында аудандағы бірқатар балабақшаларда орнатылған жылыжай туралы ақпарат жарияланған болатын.
Жалпы, Біріккен Ұлттар Ұйымының жобасы аясында жылыжай пилоттық жобада екі балабақшаға салынған болатын.
Осыған орай "Балдырған" балабақшасында семинар болып өтті. Семинарға БҰҰ-ның өкілдері мен қатар Сырдария ауданынан делегаттар қатысты. Семинарға қатысушылар жылыжай жұмысымен танысып пікірлерін ортаға салды. Тәжірбие негізінде салынған жылыжайлар бүгінде тек балабақшаны ғана емес, елді мекен тұрғындарында сапалы өніммен қамтуда.