Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде 12 отбасы баспаналы болды

Шиеліде 12 отбасы баспаналы болдыТәуелсіздік мерекесі аясында және Жаңа жыл қарсаңында шиелілік 12 отбасы баспаналы болды. Қоныс иелерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. 
- Өсіп-өркендеп келе жатқан халқымызды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету басты міндеттеріміздің біріне айналды. "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал, Қазалы аудандарында тұрғын үйлер пайдалануға берілген болатын. Бүгін міне, Шиелі ауданында да жалпы алаңы 864 шаршы метрді құрайтын 12 тұрғын үйдің құрылысы толығымен аяқталып, Жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алу мүмкіндігіне ие болып отырсыздар,- деді аймақ басшысы. 
Биылдың өзінде облыс бойынша 36 мыңға жуық шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысына мемлекет қазынасынан 7 млрд. 981 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда 241 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: