Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша 5 мыңнан астам тұрғын пеш мұржаларын немесе газ қондырғыларын тексерілген. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығының міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Серік Сыздық «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Биылғы жылдың он айында 435 өрт оқиғасы тіркелсе, оның 299 жеке тұрғын үйлерде болған. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған тұрғындар оқыс оқиғаға орын беріп отыр. Биыл сондай-ақ, 33 адам өрттен құтқарылды. Қызылорда қалалық ТЖБ басшысы Ербол Әлішеров өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болатын оқыс оқиғалар жайлы баян етті. Жақында Арай мөлтек ауданы, Дорожный көшесіндегі жеке тұрғын үйде бір үйдің 5 баласына иіс тиіп ауруханаға түсті. Бүгінде жағдайлары бірқалыпты. Тексеру барысында үйдегі пеш жанармай арқылы жылытылатыны белгілі болды.