Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жәбірленушіні пышақтап қашып кеткен

Жәбірленушіні пышақтап қашып кеткенҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Соттың мәжіліс залына жиналған бұқаралық ақпарат құралдарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбу сот өндірісінде қаралған бірқатар істер жайлы баяндады.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106 бабы 2-бөлігі 7-тармағымен айыпталушы Стельмах Валентинге  қатысты қылмыстық ісі қаралуда. Бұл қылмыстық іс бойынша  айыпталушы бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген қылмыс жасаған. 
Оқиға түнгі сағат 2 шамасында орын алған. Айыпталушы мен жәбірленуші қаладағы түнгі клубтардың бірі «Арбат» клубынан шығып тұрған жерінен сөзге келіп керісіп қалады. Нәтижесінде жәбірленушінің бүйрек тұсына суық қару «бабочка» пышағын сұғып алып, қансырап, әлсіз күйде жатқан жәбірленушіні тастап қашып кеткен. Айыпталушыға қолданылған «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына ауыстырылды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: