Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

2016 жылы Қызылордада тұрғын үй құрылысына 6 млрд. теңге қаралады

2016 жылы Қызылордада тұрғын үй құрылысына 6 млрд. теңге қаралады 2016 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020» жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы мен оның инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша барлығы 6 081,2 млн теңге қаржы бөлінетін болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев хабарлады.
- Оның ішінде республикалық бюджеттен, - деп толықтырды Н.Әлібаев. – арендалық тұрғын үйлердің құрылысына 819,4 млн теңге, несиелік тұрғын үйдің құрылысына 2399,1 млн теңге жоспарланған. Ал инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға 847,5 млн теңгені республикалық бюджет бөлмекші.
Ұлттық қор есебінен несиелік үйлер мен «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша салынатын тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысына 2015,3 млн теңге жоспарланып отыр. 
Ал биылғы жылға трасферттермен қоса есептегенде республикалық, облыстық бюджеттерден және Ұлттық Қор есебінен 16,8 млрд теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылы 47 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін 40 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, 7 нысанның құрылысы 2016 жылы аяқталады. Қазіргі кезде 5 нысан мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға берілді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: