Кеше Арал ауданы Жетес би ауылдық округінде аудан әкімі М.Оразбаевтың және ауыл әкімі М.Жақсылықтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі өтті.
Есепті кездесу барысында өткен жылы округте «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен 8,5 млн теңге қаржы қаралып, Райым және Ескіұра елді мекендеріне толығымен жарықтандыру жүргізілгені баяндалды. Сонымен қатар, басты мәселенің бірі Райым ауылының кіреберісіне автожол салуға мемлекеттік бюджеттен 208 млн теңге қаржды бөлініп отыр. Сондай-ақ, БҰҰ-ның «Даму» бағдарламасының демеушілігімен «Советжарма» каналының техникалық құжаттары әзірленген. Бұған қоса, былтыр жобалық құны 19 млн 694 мың теңгені құраған 50 орынды мектеп және 20 орынды балабақша құрылысы бастау алған, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Ал, мемлекеттік бағдарламаларға келсек, 2016 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бір ұстаз тұрғын үй сатып алуға қол жеткізді.
Осылайша ілкімді істерді саралаған есепті кездесуде көпшілік ризашылықтарын білдірді.