Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ КОМИССИЯСЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ КОМИССИЯСЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІЖаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кеңейтілген қорытынды мәжілісі болып өтті.
Аудан әкімі Р. Рүстемов төрағалық еткен жиынға аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің бас маманы Досхан Бектурсынов қатысты. Жиын барысында Жаңақорған ауданының мемлекеттік органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалар талаптарының сақталуы жөнінде аудан прокурорының көмекшісі Еділ Үмбетов, Мемлекеттік құқықтық-жұмыстар бөлімінің басшысы Жаннұр Дюсенбаева баяндама жасады. Аталмыш жиынды аудан басшысы Руслан Рүстемұлы қорытындылап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес жұмыс жасауға шақырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: