Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Данияр Елеусінов: Екі ұлым екі әйелден туған, АҚШ-та көрші тұрамыз

Америкада тұрып жатқан Данияр Елеусінов қазір отанына оралды. Туған жерін сағынған спортшы шалғайда тұрып жатыр. Қыстың суық күндері елордада. Спортшы жеке өмірі, дін жайлы көпті қызықтырған сұрақтарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Елеусінов Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатында айтты. 
Жанкүйерлері Данияр Елеусінов пен Геннадий Головкиннің ара қатынасы жақсы емес деп топшылайды. Оған себеп БАҚ-та жарияланған сұхбаттары. Елеусінов бір сұхбатында Головкин жайлы айтқан еді. Алайда спортшының жеке басына тиетін сөз айтқан жоқпын деп ақталды. 
"Мені екінші Головкин деп атап жүрді. Мен өзімнің екінші Головкин емес екенімді, Головкинге ұқсамайтынымды, менің табиғатым басқа  боксшы екенімді айттым. Менің біреуге ұқсайтын ойым жоқ. Мен өзімше бөлек спортшымын, Головкин өзінше бөлек. Журналистер сөзімді бұрмалап жеткізген. Головкинге ұқсағысы келмейді, одан да артық нәтиже көрсетеді деген секілді айтыпты. Сол Головинге ұнамаған шығар. Соған ренжіп жүрген шығар. Менің өз басым оған ешқандай өкпем жоқ. Жақын араласпаймыз. Оның сыңарымен, ағасымен хат жазысып хабарласып тұрамыз", - деді Елеусінов.
Данияр Елеусіновтің екі ұлы бар. Аналары бөлек. Бірінші отбасымен араласқанымен, бірге тұрмайды. 
"Екі ұлым екі анадан туған. Көрші тұрамыз. Бір корпуста тұрамыз. Бірінші некеден туған ұлымды күнделікті көремін. Ол жағынан ешқандай қиындық жоқ. Әпкеммен, туыстарыммен бірге тұрып жатырмыз", - деді ол.
Спортшының айтуынша, дін жағынан ешқандай қиындық көріп жүрген жоқ. 
"Ол демократиялық ел болғандықтан ешқандай шектеу жоқ. Дінжағынан ауырлық көріп жатқан жоқпын. Ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Жоғары деңгейде білмеймін. Білгенімше айтып түсіндірем. Мен Алматыға келгенде орыс тілін де білмегенмін. Көппен араласа жүріп үйрендім. Ағылшын тілін де солай үйренермін", - деді спортшы. 
Екінші рет отбасын құрған Елесінов екінші жарын көпшілікке көрсеткен еді. Спортшы екінші жұбайымен бірге қыдырып жүрген сәтінен желіге сурет жүктеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: