Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне Қызылорда облысынан 2 әлеуметтік жоба қатысты. Олардың қатарында «Қанат» dr. Темиркулов мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық-сауықтыру орталығы» ҚБ және «Өңірлік экология орталығы және Арал төңірегі халқының  денсаулығын қорғау» ҚБ жобалары бар.
Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Есқараева мәлімдеді.
Жалпы көрмеге республика бойынша іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары атанған 32 әлеуметтік жоба қатысқан.  
«Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиындықтарына тап болған 250 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде 100 мыңнан астам көмекке зәру адамдарға көмек пен қолдау көрсетілді», - дейді Алтын Итенқызы. 
Шара барысында барлық қатысушыларға ҚР ДСӘДМ-нің «Алғыс» хаты, естелік сыйлықтар және «Стелла» табысталды. Сондай-ақ, «Қанат» dr. Темиркулов мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық-сауықтыру орталығы» қоғамдық бірлестігі ҚР Денсалық сақтау  және әлеуметтік даму министрлігінің бағалы сыйлығымен марапатталды.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: