Ұлыбританияның зерттеушілері көшеде серуендеудің қауіптілігін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Лондонның Империялық колледжінің мамандары жергілікті тұрғандарға бақылау жүргізіпті. Аталмыш тәжірибеге 60 жастан асқан азаматтар қатысыпты. Олардың қатарында ауруға шалдыққандармен қоса, шалдықпаған адамдар да болыпты. Зертеудің нәтижесінде қаланың лас экологиясы, әсіресе, ауасы адам денсаулығына кері әсер ететіндігі айқындалыпты. Тәжірибеге барлығы 119 адам қатысып, сынақ қорытындылары Lancet журналында жарияланыпты.
Зерттеу барысы қатысқан адамдардың көпшілігі ауруға шалдыққанын анықтапты. 119 адамның ішінде 40-ыөкпе ауруларына, 39-ы жүрек, қан-тамыр жүйесінің дертіне тап болған. Қалған 40 адамның бойында сырқат түрлері байқалмапты. Мамандар еріктілердің серуендеген көшелер мен саябақтардың ауа деңгейін зерттей келе, олардың денсаулықтарына дәл осы жағдай әсер еткен деген тұжырымға келіпті. Яғни лас ауаны жұтып, серуендеген тұрғындар басқаларына қарағанда көбіне ауыршаң болып келетіндігі анықталған.