Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада алаяқтық өршіп барады

Қызылордада алаяқтық өршіп барадыҚылмыстың бір түрі алаяқтық екені белгілі. Осы санаттағы қылмыстардың саны толастамай, қайта 2015 жылдың басынан бұл санаттағы қылмыстардың өсім алып отырғаны тиісті сала басшыларын алаңдатуда.
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабаралуынша, 2014 жылдың 12 айында Қызылорда қаласы бойынша 6971 алаяқтық қылмысы тіркелген болатын, 2014 жылдың 1 айында 587  қылмыс тіркелсе, биылғы  жылдың 1 айында 751 қылмыс тіркеліп 27,9 пайызға өсім алғанын көрсетіп отыр.
 Сөзіміздің айғағы ретінде бір дерекке мысалы келтіре өтсек. Өткен 2014 жылы, Қызылорда қаласының тұрғыны  Н. С. есімді азамат алаяқтық ниетпен бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру мақсатында, Қызылорда қаласының тұрғыны азамат А.Д-ның сеніміне кіріп облыс аумағында ірі бір мемлекеттік мекемелердің бірінен  тендерден ұтып беремін -деп жалған айтып,   жалпы 6 500 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.
Таяуда Қызылорда қалалық ішкі істер басқарамысының Тергеу бөлімімен жоғарыда аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 4 бөлігімен (ескіше 177 бап) қылмыстық іс қозғалып сезікті азаматтың бас шарасы қамауға алынды.
 ҚР ҚК 190 баптың 4 бөлігінде көрсетілгендей, сезіктінің мүлкі тәркіленіп 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналастырлмайды деп ккөрсетілген. 
Тергеу барысында сезікті азамат бұрында осы бапбен сотты болып амнистияға ілініп қамаудан босағаны анықталды. Осылайша өзінің айласын асырмақ болған алаяқ темір тордың аржағынан бірақ шықты. Қылмыстың соңы жаза деп бекер айтылмаса керек.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: