Желтоқсан айы күздің қысқа ауысуы кезіне сәйкес келетіндіктен, бұл уақытта болатын өзгерістің барлығы алдын ала анықталады. Бұл жөнінде stan.kz жазды.
14 желтоқсанда бітетін айдың тұтылу кезеңінде болған барлық оқиғалар адамның алдағы жарты жылдық өміріне әсер етеді. Сондықтан желтоқсанның алғашқы жартысында өзіңізге кедергі келтіретін заттардың барлығынан құтылу керек. Айдың тұтылуы адамға белгілі бір міндеттемелер жүктейді. Егер сіз осы мәселелерді біржақты етсеңіз, болашағыңыз да жарқын болады.
ТоқтыЖелтоқсан тоқтылар үшін мүмкіндіктерге толы ай болмақ. Алайда тез әрекет етіп, жылдам шешім қабылдауға асықпаңыз. Жағдайға жан-жақты қарауға тырысыңыз. Дегенмен бұл ай қарым-қатынас орнату, келісімшартқа отыру, саудамен, іскерлікпен айналысу үшін өте қолайлы екенін ұмытпаңыз.
Шамадан тыс оптимизмнің кесірінен бірқатар қателіктерге бой алдыруыңыз мүмкін. Ал айдың екінші жартысында бұл істеріңіз алға басып, жақсы табысқа кенелесіз.
ТорпақЖелтоқсанның бірінші жартысында торпақтар мен жұмыстағы серіктестерінің арасында түсініспеушіліктер туындайды. Алдыға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін күш жинауыңыз керек. Мұқият оқып, көрген-білгеніңізді талдап, асықпай шешім қабылдаған жөн. Егер асығыстық танытсаңыз, ісіңіз құрдымға кетеді.
Күшіңізді көп құртпаңыз. Маңызды құжаттарға 15 желтоқсанға дейін қол қоймаңыз, қолайлы уақытты күтіңіз. Жаңа жылға жақын, жұмыс қабілеттілігіңіз, күш-жігеріңіз артып, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады.
Егіздер Сізге көп жұмыс істеу керек болады. Өкінішке орай, іскерлік қатынастар мен қаржылық мәселелер жоспарыңыз бойынша жүзеге аспайды. Кейбір құбылыстар ісіңізге кедергі келтіреді.
Қабылдаған шешімдеріңізге өкінбеу үшін, сабырлы болуға тырысыңыз. 21 жетоқсаннан кейін ісіңіз алға басып, жағдайыңыз әлдеқайда жақсарады. Сондықтан қорытынды жасауға асықпаңыз. Байыппен күтіңіз.
Шаян Биылғы жылы жасалуы керек жұмысыңызды бітіріп, бизнесіңізге қорытынды жасаңыз. Көлік жүргізу кезінде өте сақ болу керек. Желтоқсанның екінші жартысында қолайлы жағдайлар қалыптасады, оқиғалардың сыртқы фоны байланыстың, ұтқырлықтың артуына ықпал етеді.
Желтоқсанның екінші жартысында сіз өз сезімдеріңізді еркін білдіресіз, өзгелердің санасына әсер ету оңайырақ болады. Жаңа жылдық мерекелерге дайындалу кезінде жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнататын боласыз.
АрыстанЖелтоқсанның бірінші жартысы сіз үшін қиын кезеңдердің бірі болмақ. Көңіл-күйдің өзгеруі, сезімнің тұрақсыздығы және денсаулыққа қатысты проблемалар туындауы ықтимал. Басшылықпен, әріптестеріңізбен жанжал шығармауға тырысыңыз. Егер бұл талаптарды ескерсеңіз, желтоқсан айының екінші жартысында жасаған жұмыстарыңызға көңіліңіз толып, ісіңіз алға бастайды.
БикешЖелтоқсанның бірінші жартысында бикештерде күйзеліске түсуі мүмкін. Әріптестерімен, серіктестерімен және жақын адамдарымен келіспей қалуыңыз да ғажап емес. Айдың басында сіз өз ресурстарыңызды босқа жұмсамауыңыз керек.
Желтоқсанның екінші жартысынде өміріңізде көптеген жақсы оқиғалар орын алады. Бұл айда адамдармен қарым-қатынас жасасаңыз, іскерлік шеберлігіңіз артып, болашағыңызға әсер ететін болады.
ТаразыБұл айда уақытыңызды әскери келіссөздер, шығармашылық шарықтауларға арнайтын болсаңыз, қызығушылықтарыңыздың барлығын жүзеге асыра аласыз. Айдың бірінші жартысында келісімге отырмаған абзал. Бұрын жасаған қателіктеріңізді түзетіңіз. Нәтижесінде басшылықтан алғыс естіп, қаржылай сыйақы алатын боласыз. Бұл сіздің жұмысқа деген қызығушылығыңызды арттыратыны сөзсіз.
Желтоқсан айында басталған бизнес, жаңа таныстар, сапарлар сіздің болашағыңызға маңызды әсер етеді. Желтоқсанның екінші жартысында жоспарлардың көп бөлігін жүзеге асыруға, жеке және іскерлік қатынастарды үйлестіруге болады.
Сарышаян Желтоқсанның бірінші жартысында шамадан тыс эмоционалдылығыңыздың кесірінен екінші жартыңызбен қиындықтар туындауы мүмкін. Ең бастысы, қызғанғаныңызды көрсетпеңіз және ескі мәселелерді қайтадан қазбаламаған жөн. Әйтпесе, жаңа жылдық мерекені құртып алуыңыз мүмкін. Желтоқсанның екінші жартысында отбасылық кештер, ескі достармен отырыс, романтикалық кездесулер көп болады.
Қарбаластан тынығып, ағымдағы жылдың жұмысы мен істерін тыныш аяқтап, жаңа жылдық мерекелерге дайындалыңыз. Бұл ай біліміңізді арттырып, қабілеттеріңізді ашуға ықпал етеді.
МергенЖелтоқсан айының бірінші жартысында шығындарыңыз көп болады. Айналаңызда сізге кері әсер ететін адамдар көп болады. Бұл қарым-қатынасқа кері әсер етіп, маңызды іскерлік мәселелерді шешуге кедергі келтіреді. Мүмкіндігінше шаршамауға, көбірек демалуға тырысыңыз.
Желтоқсанның екінші жартысында жақсылық жасауға құштарлығыңыз артады. Бойыңыздағы оптимизм жылдың сәтті аяқталуына септігін тигізеді. Шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық орнату үшін желтоқсан айы өте қолайлы болмақ.
ТауешкіСыртқы шектеулер, түсініксіз кедергілер жағдайды ойдағыдай қорытындыға келтіруді қиындатады. Эмоционалды тұрақсыздық пен импульсивтілік, ашуланшақтық тұрмыстық мәселелерді шешуге кедергі келтіреді.
Қаржылық қиындықтар отбасы мүшелерімен және жақын адамдарыңызбен арадағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті бұл айда ақша жөнінде жақындарыңызбен сөйлеспей-ақ қойғаныңыз жөн. Керісінше, алға қойған жоспарларыңыз, жұмысыңыз туралы айтып, ой алмасқаныңыз абзал.
СуқұйғышСіз бәріне мұқият болғаныңыз абзал. Өйткені өмірлік маңызды таңдау жасауыңыз керек. Желтоқсан айының бірінші жартысында қиындықтарды болдырмау және қаржылық жағдайды жақсарту үшін өзіңізге бақылауды күшейту өте маңызды.
Желтоқсанның соңында жұмысыңыз алдыға басып, барлық қиындықтар шешіледі. Сондықтан қайғыға салынып, күдеріңізді үзбей, күтіңіз.
Балық
Бұл айда балықтардың өмірінде қиындықтар орын алады. Денсаулыққа қатысты түрлі проблемалар болуы мүмкін. Эмоционалдылық пен агрессивтіліктің жоғарылауы басқалармен қарым-қатынасты қиындатуы мүмкін. Бұл ай - серіктестік немесе отбасылық қатынастарды, сондай-ақ балалармен қарым-қатынас мәселелерін шешудің қолайсыз кезеңі.
Жеке қарым-қатынасқа көңіліңіз толмайды. Жақында орнатылған байланысыңыз кенеттен аяқталуы мүмкін. Желтоқсанның екінші жартысында бұрыннан келе жатқан мәселелерді оңтайлы жолмен шеше аласыз.