Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІБүгін «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы партия активінің жиыны болып өтті. 
Оған облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. 
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов төрағалық еткен жиында «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мәмбетжан Елбасының «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын жергілікті халыққа насихаттау жұмыстарының белсенді жүргізіліп жатқандығын, аудандық мәслихат депутаттары Л.Ізбасқанова мен Ж.Көланова бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстарын атап өтті. 
И.Құттықожаев көшбасшы партияның алда тұрғын міндеттерін баяндаса, Н.Байқадамов депутаттардың жергілікті билікпен тығыз байланыста жұмыс жасауы халық тарапынан көтерілген мәселелердің оң шешімін табуға әсер ететіндігін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: