Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қонаққа келгендер үптеп кетті

Сотталушылар Б.У пен Ж.Р. адамдар тобының  алдын ала сөз байласуы бойынша 2014 жылдың желтоқсан айында түнде дүкеннен 4 бөтелке сыра ішімдігін алады. Одан кейін жәбірленуші Ә.Ж. сотталушыларға өзінің жалға алған пәтеріне барып ішімдік ішуге ұсыныс жасаған.

Қонаққа келгендер үптеп кетті


Осылайша үш бөтелкелес жәбірленушінің үйіне барып ішімдік ішеді. Содан соң жәбірленуші Ә.Ж. пен сотталушы Б.У. екеуі өзара сөзге келіп, соңғысы жәбірленушінің бетінен, мұрын тұсынан өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданады. ұрып соққанда сотталушы Ж.Р. мойнынан қысып еденге жатқызып тастаған.
Осыдан кейін сотталушылар Ж.Р. пен Б.У. адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бөтен мүлікті ашық ұрлауға тура бағытталған ниеттерін ақырына дейін жеткізіп, сотталушы Ж.Р. үлкен бөлмеде тоқ көзінде тұрған «Самсунг» маркалы 7 700 теңге тұратын ұялы телефонын ашық ұрлап, ал сотталушы Б.У. қара түсті қол сөмкесін ақтарып қарап, ішінен 27 300 теңгесін ашық ұрлап, тонап, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Сотталушылар Б.У. пен Ж.Р. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілеместен, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.   
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: