Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған сотталушы Ю-ге қатысты қылмыстық іс қарады.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, кәмелетке толмаған сотталушы Ю. газ қондырғысы арқылы көп қабатты үйдің 2 қабатына мініп, терезе арқылы пәтер ішіне кірген, осыдан соң сейфтің кілтін іздеп тауып, оны ашып 500 000 теңге және құндылығы 800 000 теңге құрайтын әшекей бұйымдарын ұрлаған, сөйтіп жәбірленуші А-ға жалпы құны 1 300 000 теңге материалдық залал келтірген.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Ю-ға 1 жыл пробациялық бақылау белгіленді.