Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ОҚУШЫЛАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ОҚУШЫЛАР КӨРМЕСІ ӨТТІҚазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында 2015 жылдың 28 желтоқсанында Достық үйінің ашылуына орай апталық іс-шаралар тізбегі өтіп жатыр. 
Түрлі бағытта өткізілген шаралардың бірі Достық үйінің мәжіліс залында оқушылар арасында өткізілген «Менің ұлы Отаным – қасиетті Қазақстаным!» атты сурет көрмесі болды. Көрмені ұйымдастырушы облыстық ассамблея хатшылығы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және қалалық білім бөлімі. 
Көрме жұмысына қаламыздың 26 орта мектебінің талантты оқушылары қатысты. Жас жеткіншектердің шығармашылығынан туындаған әр суретте Отан, достық, бейбітшілік тақырыбы қамтылған. Барша қылқалам иесінің еңбектері көрермендер тарапынан үлкен мақтауға ие болды. Оның ішінде қатысушылар бір ауыздан №198 орта мектебінің 6 сынып оқушысы жас талант Кирилл Орловтың туындысына ерекше баға берді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: