Жалағаш ауданындағы «Cәрке батыр» ЖШС диқандарының жайқалған ақ күріші биылғы жылы да бітік шығып, егін даласында жиын-терім науқаны басталды.
Аудан әкімі Т.Дүйсебаев ауыл еңбеккерлерімен бірге «Сәрке батыр» ЖШС егістігіне алғашқы орақ салу лентасын қиды. Аудан басшысы «Қамба астыққа толсын», деген лебізін білдіріп, ағымдағы жыл егін шаруашылығы үшін қолайлы болғандығын айтты.
Көктемде себілген дән бүгінгі күні егіс даласын сары алтынмен жайқалтып тұр. Егіншілердің еңдігі мақсаты – ел ырысын ысырапсыз жиып алу.