Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада ломбардтан қомақты көлемде алтын ұрлағандар ұсталды

Қызылорда қаласында жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардқа ұрлыққа түсіп, қомақты көлемде материалдық шығын келтірген екі адам қолға түсті.
Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз адамдар тобы қала орталығындағы ломбардтардың біріне ұрлыққа түскен.
«Бұл мақсатта облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде облыс орталығының екі тұрғыны қолға түсті. Олардан айғақ зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар тәркіленді. Оның ішінде 125 алтын сақина, 22 алтын алқа, 7 алтын білезік, 3 алтын сағат, 1 үлкейткіш  әйнек және ноутбук бар», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық   кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: