Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қозғалыстың жас инспекторларымен біріге отырып жол қозғалыс ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көрнекі үгіт-насихат құралдарын таратты.
Облыс орталығындағы №101 мектептің алдында орналасқан реттелетін жол қиылысынан Қозғалыстың жас инспекторлары балалардың қолдарынан ұстап қалай дұрыс өту қажеттігін көрсетіп өткізді.
Жол-көлік жарақатының профилактикасына бағытталған көрнекі үгіт-насихат құралдарын облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің салондарына жабыстырып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыратын үнпарақшалар таратты. Аталған шара қыркүйек айының 10-на дейін жалғасатын болады.