Жеті жастар қызға тиіскен ер адамның Қарағандыда ұсталған сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.
7 желтоқсанда сағат 10:30 шамасында 102 пультіне Қарағандыдағы үйлердің біріндегі подъезде белгісіз ер адамның 7 жасар қызға тиіскені туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына дереу аттанған полиция наряды жедел-іздестіру шарасы барысында 43 жастағы еркекті ұстады.
Ол 2006 жылы осыған ұқсас 12 қылмысы үшін 15 жылға сотталған, 2019 жылдың наурызында шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан.