Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ ҚАЛАСЫ КҮНІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

Арал қаласының күніне орай аудан орталығында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Олардың барлығы жұртшылықтың 
жылы ықыласына ие болды.

Шұбат фестивалі өтті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткен Қала мерекесінде арнайы «Шұбат фестивалі» ұйымдастырылды.
Ауданға қарасты барша ауылдық округтер белсене қатысқан фестивалде аудан көлеміндегі ең дәмді шұбаттармен қоса құрт-ірімшік өнімдері де ұсынылды. 
Фестиваль қорытындысы бойынша 1- дәрежелі дипломмен Беларан ауылдық округі марапатталды. Ал, 2-дәрежелі дипломға Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округі қол жеткізсе, 3- дәрежелі дипломды Аралқұм, Мергенсай ауылдық округтері иемденді. Барша жүлдегерлерге мерекелік бағалы сыйлықтар табысталды.
 

АРАЛ ҚАЛАСЫ КҮНІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

 

Гүлдер әлеміне саяхат

Арал қаласының мерейлі мерекесіне орай орталық алаңда «Гүлдер мерекесі» өткізілді. 
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы кеңінен насихатталған ерекше шараға қаладағы мектептер мен балабақшалар қатысты. Табиғи өнімдерден ғажайып туындылар дайындаған мекеме ұжымдарының өнері таңдай қақтырмай қоймады. Барша халықтың назарын елең еткізген «Гүлдер мерекесі» қала күніне таңғажайып сый болғандығы ескеріліп, барша қатысушылар аудан әкімінің марапатымен марапатталды.

 

АРАЛ ҚАЛАСЫ КҮНІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

 

Ел іші – өнер кеніші

Айбынды Арал қаласы күніне орай орталық алаңда қолөнер бұйымдарының да көрмесі ұйымдастырылған болатын. 
Көрмеде қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Тарих қойнауында тұнған небір жәдігерлер мен қолөнер шеберлерінің ғажайып туындыларын тамашалаған көпшілік өз пікірлерін жасыра алған жоқ. 
Халық айтса қалып айтпайды демекші ел іші – шежірелі естеліктер мен қолөнер бұйымдарының қайнар бұлағы, өнердің кеніші екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 

АРАЛ ҚАЛАСЫ КҮНІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

 

Жырдан шашу

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Жайнай бер, жаса – Аралым!» атты мерекеде белгілі эстрада жұлдызы Саят Медеуов жырдан шашу шашты. Арнайы қонақтар мен қазыналы қариялардың құрметіне ұйымдастырылған жыр кеші аудандық мәдениет үйінде өткізілді.
Есті өлеңдерімен абыз ақсақалдардың көңіліннен шыққан әнші Арал қаласына арнайы аудан әкімі А.Мұхимовтың шақыртуымен келгенін атап, аралдықтарды мерекемен құттықтады.
 

АРАЛ ҚАЛАСЫ КҮНІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: