Жаңақорған ауданына қарасты Жаңарық ауылдық округінде 50 орындық балабақша ашылды. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
– Болашағымыз саналатын бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алу мәселесі облыста оң шешімін тауып келеді. Бүгінде облысымызда «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3-6 жастың арасындағы балалардың 90 пайызы мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтылған. Келесі жылы бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамтамасыз етіп, 100 пайызға жеткіземіз, - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Жалпы, балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Балабақшаға қабылдаудың тізімі қаралып, жүйелі тəртібі жасалды. Енді əр ата-ананың өз баласын мектепке дейінгі балалар мекемесіне орналастыруға мүмкіндігі бар.