Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАМБАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАМБАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ«Жер көгерсе, ел көгерер» деген халық даналығын ұран еткен «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы биылғы жылғы көктемгі көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығына белсенді қатысуда. 
Аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Дабылов пен Орталықтың директоры Г. Тәжедидің бастамасымен «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығын көркейту көгалдандыру жұмыстарынан бөлек орталық жанында орналасқан «Ұландар» көне лагердің ішіндегі ағаштарды баптау, суландыру, санитарлық тазарту жұмыстарын жоғары қарқынмен атқаруда. 
Көлемі жағынан бірнеше гектар жерді алып жатқан орталықты 5 аймаққа бөліп, жұмысты үйлестіру мақсатында жауапты жұмысшылар бекітіліп берілді. Аталған шараның жүзеге асуына орталық маңындағы елді-мекендерде орналасқан барлық мекеме мен мектеп жұмысшылары тартылды.
«Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығына қарасты мекемелердің қызметкерлері де аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, орталықты көркейту көгалдандыру жұмыстары жанында жас көшеттер мен қара ағаштар, сексеуіл, теректер отырғызылды. Бұл жұмыстарға №65, №67, №21, №200, №72, №63 мектеп қызметкерлері мен мекемелерден 120 адам тартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: