Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЫЛУҒА ҚАРЫЗ - 314 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ!

ЖЫЛУҒА ҚАРЫЗ - 314 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ!Қаланың қысқа әзірлік жұмыстарына 1 миллиард теңгеден астам қаржы кетті. Бұл жөнінде Қазақстан-Қызылорда телеарнасы мәлім етті.
Оған қоса инвестжоба аясында жылу орталығы 300 миллион теңге және құйды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу жүйелері жаңғыртылды. Әлеуметтік нысандарды қысқа дайындау кесте бойынша жүзеге асуда.
62 көпқабатты үйдің инженерлік жүйесіне жөндеу жүргізілуі керек. Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы сын көтермейді.
Жылуға қарыз 314 миллион теңгені құрайды! Оның 80 пайызы – көпқабатты үй тұрғындарының берешегі. Бұған қатысты қатаң шара көру ұсынылды. Жылуға қарызын өтемеген тұрғындар электр энергиясынан ажыратылады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: