№44 сайлау учаскесінде тұрғындардың белсенділігі жоғары
№44 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың. Таңертеңнен бастап өз таңдауын жасауға келген азаматтардың белсенділігі жоғары. Халық ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық міндетін атқарып, дауыс беруге белсене қатысуда.
Сайлау учаскесіне келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, олардың уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізу мақсатында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Қазақтың дәстүрлі ойындары ойнатылып, тұрғындар арасында ерекше көңіл-күй қалыптасты.