Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БҮГІНГІ КҮНГЕ САЙ БІЛІМ ОШАҒЫ

БҮГІНГІ КҮНГЕ САЙ БІЛІМ ОШАҒЫ Аудан орталығындағы Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі 1959 жылы құрылған. 
Ашылған жылы тек бір ғана «Кең көлемді тракторшы-машинист» мамандығы болса, бүгінде заман сұранысына сай 10 мамандық бойынша студенттерге білім беруде. 1 қыркүйек «Білім күні» аудан әкімі С.Мақашов аталған оқу ордасында болып, студенттермен кездесті. Жиында сөз алған аудан басшысы оқытушылар мен студенттерді мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Өткен оқу жылында колледжде 6 мамандық бойынша 14 оқу тобында 302 студент білім алған болатын. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 125 студент колледж студенті атанып отыр. Айта кетейік, колледжде студенттерге білім мен тәрбие беріп, болашақ жас мамандар тәрбиелеуде 34 оқытушы мен 15 өндірістік оқыту шебері жұмыс жасайды. Дуалды оқытуға байланысты «Қызылорда электр тарату торабы компаниясы», «Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы», «Қызылорда облыстық білім басқармасы» және «Қармақшы аграрлы-техникалық коллджі» арасында төртжақты келісім шарт жасалды. Кадрларды қосарлы даярлау ісінде колледжбен «Жаңажол» ЖШС, «Тұрмағамбет» ЖШС, «АқжарАгроИнвест» ЖШС, «Жәмила» ӨК, «ҚармақшыАгропромтехника» ЖШС, «Қармақшы Техсервис» ЖШС, «Жосалы АЭЖ» ЭЧ-25, «Әмбебап» ЖШС, «Туған ел келбеті» ЖШС және т.б. мекемелермен кадр даярлаудың кейбір бағыттары бойынша колледжбен жүйелі ынтымақтастық орнатып, жемісті жұмыс жасап келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: