Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жеке кәсіпкердің ауласындағы жылыжай

Қызылорда қаласындағы «Саяхат» мөлтек ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Марат Құтышев жеке үйінің ауласынан ауданы шамамен 600 шаршы метрді құрайтын жылыжай салды.
Ол қажетті жабдықтарын өз қаражаты есебінен Оңтүстік Корея елінен тапсырыс арқылы алдырған. Жылыжай биылғы жылы іске қосылды.
Бүгінгі күнде кәсіпкер экологиялық таза әрі қол жетімді бағадағы жергілікті қияр өнімімен қала халқын қамтамасыз етуде.
Жылыжай қуаттылығы күніне 200-250 килограммды құрайды. Жеке кәсіпкер жылыжайдың арқасында отбасы мүшелерін де жұмыспен қамтып отырған көрінеді.Айта кетейік, жылыжай өніміне тұрғындар тарапынан сұраныс та күннен-күнге артып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: