Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыбайластықтың алдын-алу – міндетіміз

Қызылорда гарнизонындағы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жеке құраммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары өтті.
Әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер арасында құқықтық біліктілікті арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов және Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заң қызметінің бастығы, әділет майоры Нұрбек Ильясов ұйытқы болды.
Жиын барысында, Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық, әскери патриоттық жұмыстары басқармасының бастығы - ҚІЖД бастығының орынбасары подполковник Алмат Жақыпов, азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін көтеру, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобасының маңыздылығын атап өтті.
«Мерзімді әскери қызметке шақырылым уақытында осы айтылып жатқан заңдылықтарды ескере келе сыбайластыққа жол берілмеуі керек.Бұл жұмыстар қатаң бақылауда. Осы жолда сіз бен біз болып игі істер атқарсақ еліміздегі сыбайластықтың алдын-алуға өз үлесімізді қосамыз. Бұл жолда атқарылып жатқан адал қызметтеріңіз үшін алғысымды айтамын. Жақсы істер оң бағасын алары анық», - деді әділет майоры Нұрбек Ильясов. 
Жиын соңына қарай Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметшілердің қатысуымен орын алған сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар айтылды.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің өркендеуіне, жүйесінің қалыптасуына теріс әсерін тигізетіні белгілі.  Мемлекетіміздің қорғаны болып табылатын әскери қызметте де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары жылдан-жылға күшеюде. Осы дертті жою мақсатында мекемеде көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

Мұхит Қонаров, 
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, сержант  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: