Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада заңсыз балық аулаудың 7 дерегі анықталды

17 сәуірде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Арал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп “Уылдырық-2021” іс-шарасы кезінде заңсыз балық аулаудың тағы да екі дерегін анықтады. 
Атап айтқанда, Арал ауданы, Сарышығанақ бөгенінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 10 қап 173 кг. көк серке балығын заңсыз аулағаны үшін 56 және 41 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. Айғақ заттар “Шағала 30” қайық моторы, 10 дана ау алынды. 
Сондай-ақ, сол күні дәл осы тектес жағдайда 80 келі (сазан,табан,қылыш) балық аулағаны үшін Арал ауданының екі тұрғыны ұсталды. Айғақ заттар “Yamaha-30” қайық моторы және 10 дана ау алынды. 
Екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (Заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: