Жол бойында мүгедек азаматтың арбасын итерген ит елдің жүрегін елжіретті (видео)
Әлеуметтік желіде жол бойында мүгедек азаматтың арбасын итерген иттің видеосы тарады. Көпшілік адамның досы саналатын үй жануарының бұл әрекетіне сүйсінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейнежазба @taraz_life парақшасында пайда болды. Онда жол жиегінде кетіп бара жатқан мүгедек азаматты артынан иті басымен итеріп келе жатқанын аңғаруға болады.
Видеоның қайда түсірілгені әзірге белгісіз. Дегенмен, видеода жан тебірентерлік оқиғаның Тараз қаласында болғаны айтылады.
"Міне, Таразда. Иесі мүгедек. Қасқыр ит (овчарка) артынан басымен итеріп бара жатыр", - дейді бейнежазбадағы азамат.
Бұл видеоны көрген көпшілік иттің әрекетіне қатты тамсанып, оң пікірлер жазып қалдырды.
"Ит-адамның досы", "Ит істегенді адам да істемейді", "Жантебірентеді", "Міне, нағыз махаббат пен сенім", "Иттің ақылдысын-ай", "Бұл ит пен иесін бұрындары да көрсеткен еді. Әлі де бірге екен", "Ол ешқашан сатпайды және тастамайды" деп жазды олар.