Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекет берген мүмкіндік

Қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалану ерінбеген ердің ісі. «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», дейді дана халқымыз. Мемлекет ауыл азаматтарының кәсіппен айналысуына барынша мүмкіндік жасап келеді.
Ол үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Мемлекеттік қолдауды пайдаланған Қармақшы ауданының тұрғыны Нұрболат Ақшолақов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда облысындағы филиалынан 2 млн теңге несие рәсімдеп, 6 бас жылқы сатып алды. Алдағы уақытта жылқыларын көбейтіп, табыс көзіне айналдырмақ.
Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: