Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев наурыз айының алғашқы аптасында аймақтағы 7 аудан мен Байқоңыр қаласын түгел аралап шықты. Тұрғындармен кездесіп, күрмеуі қиын мәселелерді көзбен көрді. Сапар барысында 30-дан астам түрлі нысандардың жұмысымен танысты.
Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық ауылдық округінің тұрғындары елді мекенге жаңа мектептің қажеттігін жеткізіп, осы проблеманы назарға алуын сұрады. Аймақ басшысы апатты жағдайда деп танылған №223 мектепке жаңа ғимарат жыл соңына дейін салынатынын мәлімдеді. Осы аудандағы Аққорған ауылдық округінде де жаңа мектеп бой көтереді. Шиеліге қарасты Телікөл ауылдық округінда да биыл жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 300 орындық білім ұясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы облыста 11 аппатты жағдайдағы мектеп бар. Бұл білім нысандарының құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізілетін болады. 
Аудандарда жағымды жаңалықтар да жетерлік. Мәселен, Арал ауданына қарасты Қарашалаң аулында Қарашалаң балық сервистік-дайындау орталығы жұмысын бастады. Зауыттың жылдық балық өңдеу қуаттылығы 3000 тоннаға есептелген. Мұнда 50-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 
«Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы жыл он екі ай жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылының өзінде 500-ден астам жеткіншек осында білімдерін жетілдірді. Нәтижесі де жаман емес. Қазіргі таңда орталықта 75 оқушы сынаққа қызу дайындалуда. 
Ал Қазалы теміржол ауруханасы толықтай жаңа медициналық құралдармен жабдықталса, №170 орта мектеп жанынан жылыжай ашылып, жұмысын бастады. Қармақшы ауданында заманауи талапқа сай автобекеттің құрылысы жүргізілуде. Оның қасынан талапқа сай жаңа базар салынады. Күзді күндері диқандар жаз бойғы еңбектерін еш делдалсыз осында әкеп сатуға тегін орын берілетін болады. Сондай-ақ ауданда индустриалды аймаққа инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды. Бұл жұмыстар мамыр айының аяғында толық аяқталады. Өндіріс аймағына қазірдің өзінде 10-нан астам жобаға арналған зауыттар салуға жергілікті кәсіпкерлер ниет танытып отыр. 
Ал Сырдария ауданында ауыз су мәселесі толық шешімін тапқан. Тіпті Тереңөзекте кәріз жүйесі тартылып, облыс бойынша коммуналдық мәселелері толық шешімін тапқан алғашқы аудан. 2015 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық төлемдерге де қарызсыз шыққан. 
–Жер бетінде болып жатқан барлық жағдай бізге де әсер етпей қоймайды. Жаңа заманның жаңа шақыртуларына жауап беретін болуымыз қажет. Ол үшін жаңа технологиялардың меңгеріп, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Жылына 200-ге жуық студенттерімізді Ресей Үкіметі есебінен көрші елдің маңдайалды оқу орындарында білім алуда. Бір-екі жылдың көлемінде алдыңғы лектегі студенттер елге маман болып оралады, - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Тұрғындардың өтініштерін тыңдаған аймақ басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: