Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Тасбөгет кентіне қарасты №12 УПИ – ның әкімшілік аумағында“Квадрат” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жедел профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты жергілікті тұрғындармен полиция арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың полиция қызметіне деген сенімін арттыру, іс-шара кезінде сол аймақтың тұрғындарымен жеке пікірлесу арқылы жалпы криминогендік ахуалға баға беру болып табылады.
Іс-шара барысында, 65 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: тастанды 24 саяжай үйлері, 380 саяжай үй иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 28 тұлға мекен-жайларынан тексеріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен бірге, спирттік ішімдікке құмар азаматтардың жиналуы мүмкін орындары, яғни 6 притондар мен тұрғын үйлер тексеруден өткізілді. 19 азаматтық қару иелеріне мекен-жайларынан қаруды сақтау ережелері бойынша тексерілді. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 57 автокөлік иесіне әкімшілік шара көрілді.