Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанда Көкен батыр ескерткіші ашылды

Жаңақорғанда Көкен батыр ескерткіші ашылдыЖаңақорған ауданының орталығында тарихи тұлғалардың бірі, ел қорғаған айтулы батыр Көкен батырға қойылған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынды облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов құтықтау сөз сөйлеп ашты. 
Сыр бойының әйгілі батырының өмір жолы, ел қорғаудағы ерлік істері жөніндегі баяндаманы ел ағасы, «Көкен батыр» қорының төрағасы Амангелді Абдуллаеав жасады: «Көкен бабамыз 1775 жылы осы Сыр топырағында дүниеге келіп, 1863 жылы сексен сегіз жасында өмірден өткен екен. Саналы ғұмыры ат үстінде өткен батыр жастайынан ел қорғауда айрықша ерлік танытып, жамағатына қорған бола білді. Тарихта Қоқан феодалдары, ханы Әлімжан мен оның мұрагері Омарханның Ұлы жүз бен Орта жүз рулары мекен еткен аймақтың оңтүстігін жаулап алғандығы белгілі. 
Ескерткіштің ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек қажы Шаухаманов, Шымкент қаласынан келген Бекежан Тоқсанбаев ақсақал тағы басқалар құттықтау сөз сөйлеп, бұл шараның мәнділігіне тоқталды. Соңынан батырдың ұрпақтары үш мыңнан астам адамға арнайф дастархан жайып, ас берді, құран бағыштатты. 
Осы күнгі ас беру рәсімінен соң оңтүстік облыстары көкпаршылары қатысқан додалы көкпар өтті. Бес жүзден астам ат қатысқан көкпар ойынындағы бас жүлде – тоғыз түйені қызылордалық шабандоздар иемденсе, өзге де төрт түлік тігілген жүлделерден де жерлестеріміз құр қалмады. Кешке аудан орталығындағы алаңда «Музарт» басқа да өнер шеберлері концерт берді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: