Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Қайсар» тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созды

«Қайсар» футбол клубының басшылығы тұрмысы төмен отбаыларға қол ұшын созды. Сондай-ақ, қала тұрғындарына бертперде тарату ісіне де атсалысты.
«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осы қарқынмен жұмылсақ, барлық қиындықтан шығарымыз сөзсіз деп білеміз.
⭕Бастысы, елдің амандығы. Сырқатқа сыр бермей, сақтыққа салғырт қарамау өз қолымызда», - деді команда басшылығы.
Сондай-ақ, «Қайсар» командасының баспасөз хатшысы Ерасыл Шәрібек республикалық БАҚ-қа берген мәліметінде клубта ойын көрсететін футболшылар өздерінің формасын сақтауға мән беріп жатқанын жеткізді. Барлығы жеке жаттығу жасап жатыр. Барлық футболшы Қызылорда қаласында, олардың арасында легионерлер де бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: