Үстіміздегі жылдың 4-8 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласындағы "Евразия" СК Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан жекелей жаттығулар бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы өтеді.
Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 16 команда, 240 спортшы 15 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ауыр атлетика федерациясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Жарыстың басталуы: сағ.11.00, салтанатты ашылуы сағ. 14.00 болады.