«Қамыстыбас балық питомнигі» жеке қолға өтпейтін болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономикаминистрлігінің ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына жолдаған хатында баяндалған.
Арал аудандық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, хатта: «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысында Балық питомнигін жекелендіру көзделмеген. Ауыл шаруашылығы министрлігі Дүниежүзілі банкпен бірлесіп, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасын іске асыруға байланысты Балық питомнигін жекешелендірудің орынсыздығы туралы Қызылорда облысы әкімдігінің ұстанымын қолдайды.
Министрлік Балық питомнигін республикалық меншікте сақтау жөніндегі мемлекеттік органдардың және Қызылорда облысы әкімдігінің ұсынысын қолдайды», - делінген. Енді аталған балық питомнигі бәсекелестік ортада жеке меншік талқылауға түспейтін болады.