Кезінде құрылысшы болып қызмет жасаған Оңғарбай Жолмырзаев кездейсоқ жол апатына ұшырап, 1-топ мүгедектігіне шыққан. Осыдан кейін қарап отыруды жөн көрмеген азамат қолынан келетін іспен айналысамын деп шешеді.
Он саусағынан өнері тамған шебер Оңғарбайдың бас киім тігумен айналысқанына 24 жылдың жүзі болды. Өткен жылы ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1,8 млн теңге несие алып, жаңа тігін машинасын алған.
Ер азамат үшін тігін тігуді ұят санамайтын ол бір жәрдемақыға қарап, отбасын асырай алмай, алақан жаюды құптамайды. Ендігі арманы - бұл істі балаларына үйрету.