Баян Мақсатқызы оқырмандарынан қаржылай көмек сұрауда
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бірнеше күннен бері өзінің инста парақшасында оқырмандарынан қаржылай көмек сұрауда, деп жазады kyn.kz.
Баян Мақсатқызы инста парақшасындағы видеосының басын статистикалық мәліметтерге сүйеніп Қазақстанда тұрмыстық-зорлық зомбылықтан жылына 500 әйел қайтыс болатындығын, түрмеде отырған әйелдердің көбісі таяқ жеп өзін қорғауға тырысқан жандар екендігін айтып , артынша еліміздің суицид саны жағынан әлемнің алғашқы орнында деп жағымсыз жаңалықпен аяқтады. Осындай жағдайлардың жылдан-жылға көбеюінен алдын алу мақсатында, телевизор көрсетпейтін, жаңалықта бермейтін ” Әйелді ұру” тақырыбында фильм түсіретінін мәлімдеді. Бұл фильмнің сценарийі өмірден алынған. Жалпы бюджет құны 100 000 000 теңге.
Егер сіз зорлық зомбылыққа қарсы болсаңыз, қаржылай қолдап, бұл фильмнің шығуына ат салысуыңызға әбден болады. Қанша қаражат жіберсеңіз де, соңына сіздің қалауыңызбен титрға есіміңізді беріп немесе аноним күйінде қалуыңызға болатындығын айтты. Осы киноның құдіреті арқылы әйелдердің құқығын қорғап, еркектерге ой салып, заңды өзгертуге септігін тигізеді деген сенімде.
Бұл бастамасын оқырмандары да қолдап, жақсы пікірлер қалдыруда. Жақында отандық киноөнім, тағы да бір табысты, қоғамға пайдасы бар, салмақты ой салатын фильммен толықпақ.