Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 2015 жылы бүлдіршіндер толықтай балабақшамен қамтылады

Қызылордада 2015 жылы бүлдіршіндер толықтай балабақшамен қамтыладыБүгін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 75 орындық «Аида» балабақшасы пайдалануға берілді. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 
- Болашағымыз саналатын бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алу мәселесі облыста оң шешімін тауып келеді. Бүгінде облысымызда «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3-6 жастың арасындағы балалардың 92 пайызы мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтылған. Осы жылдың соңына дейін бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамтамасыз етіп, 100 пайызға жеткіземіз, - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Жалпы, балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Балабақшаға қабылдаудың тізімі қаралып, жүйелі тəртібі жасалды. Енді əр ата-ананың өз баласын мектепке дейінгі балалар мекемесіне орналастыруға мүмкіндігі бар. 
Айта кетейік, Қазалы ауданында бүлдіршендірдің 89 пайызы балабақшамен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін тағы 8 балабақша салынып, бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қызылорда облысы туу көрсеткіші өте жоғары алдыңғы үш аймақтың қатарында екенін ескерсек, осындай балабақшалардың көптеп салынуы маңызды болып табылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: