Бірнеше күннен бері елдің солтүстігінде қатты аяз болып тұр. Сынап бағанасы -30-32 градусты көрсеткенімен, шын мәнісінде -46 градустай сезіледі. «Құрғақ қасық ауыз жыртар» демекші, сөзіміздің дәлелі ретінде мына видеоны ұсынып отырмыз, деп хабарлайды Baq.kz.
Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» ғимаратының жұмысшылары қақаған қыста сарышұнақ аязды сынап көрді.
«Астанада ауа райы -33, бірақ -46 градустай сезіледі. Мысал келтірейін», деген жұмысшылардың бірі стақандағы суды шашып жібереді. Өздеріңіз байқағандай, су тамшылары әп-сәтте қатып, жерге мұз боп шашылып жатыр.