Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әбдіғаппар Әмірғалиев: Екпеден қорқып, үрейленетін ештеңе жоқ

Әбдіғаппар ӘМІРҒАЛИЕВ, Ұлттық саралау және сертификаттау орталығы жанындағы ардагерлер ұйымының төрағасы:
Халқымыз ауыр кезеңді бастан кешіп отыр. Ел теңселіп кетті. Күнделікті хабардан қаншама адам ауырып, қаншамасы көз жұмғанын есту тым ауыр. Ең өкініштісі, дерттің соңы көрінбейді. Бастысы, жеке жауапкершілігімізді арттыруымыз керек. Бұрынғыдай бой күйездік, немқұрайлылық, немкеттілікке салынсақ індетті еңсере алмаймыз. Топтық, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз қажет. Дерттің бетін қайтарудың бастысы – бей-берекет жүруді тоқтату керек, бетперде тағып, арақашықтықты сақтағанымыз жөн. Ал ең індеттің ең басты емі де, қорғанышы да – вакцина. Сондықтан менің айтарым, жақыныңа, туғаныңа, бауырыңа жаның ашыса, вакцина алып, қорған! Өз қорғаныңды мықтап соқ! Екпеден қорқып, үрейленетін ештеңе жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: