Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ғалымдар адам организміндегі коронавирустың 97 пайызын жоятын өнімді анықтады

Кейбір өсімдік өнімі адам организміндегі коронавирусты өлтіруге қабілетті. Бұл туралы Ульма университетінің Медицина орталығының молекулярлық вирусология институтының ғалымдарының зерттеуінде айтылған. Мамандардың зерттеу нәтижесі bioRxiv журналында жарияланды, - деп хабарлайды "Мир-24" телеарнасы. Бұл жөнінде kaz.tengrinews.kz жазды. 
Тәжірибе барысында зерттеушілер табиғи өнімдерді бөлме температурасындағы вируспен араластырып, коронавирустың жағдайын бақылаған. 
Коронавирусты және тұмау вирусының белсенділігін қара жемісті шетеннің шырыны азайтатыны, ол адам организміндегі коронавирустың 97 пайызын жоятыны анықталған. 
Анар шырынының да вирусқа қарсы әсері күшті болып шыққан. Анар шырынымен тамақты шаю арқылы COVID-19 патогенінің 80 пайызын өлтіруге болады. 
Сондай-ақ неміс ғалымдары көк шай мен аюбадамның да вирусқа қарсы әсері барын айтады. Мамандардың сөзінше, мұндай әсер вирусқа әсер ететін қышқыл орта мен өсімдік полифенолдарына байланысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: