Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КЕШІ ӨТКІЗІЛДІ

 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КЕШІ ӨТКІЗІЛДІАрал индустриалды-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен  аудандық мәдениет үйінде «Талапқа талғам таразы» атты кәсіптік бағдар беру кеші болып өтті. 
Бұл шара мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау, жұмыссыздықты болдырмау, қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды.
Кеш қонақтары ретінде аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлішева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т. Дәрменов, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ә. Жалғасбаев, жастар ресурстық орталығының Арал ауданы бойынша бөлім басшысы, депутат Ә. Ізбасаров шақырылды. Шара барысында колледж өмірі жөнінде бейне ролик көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылып, білімгерлер қолынан жасалған көрме таныстырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: