Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өзіне қатысты шабуыл ұйымдастырды

Өзіне қатысты шабуыл ұйымдастырдыСотталушы И. «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС-де жұмысшы болып қызмет атқарады. Ол ақша табу мақсатында орталық базарға барып, азарттық ойын ойнап барлық айлық табысымен анасының берген ақшасын да азарттық ойынға салып жіберген. 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзінің ақшасын ойынға салып жібергенін білдіртпеу үшін жалған өзіне қатысты шабуыл ұйымдастырады. Қызылорда қаласындағы мектептің ауласындағы пайдалануға келмейтін ғимаратқа барып, өзінің «Самсунг Дуос» ұялы телефонын, жеке куәлігі бар партмонесін және үстіндегі күртешесін шешіп тығып кетіп, үйіне барып мені бейтаныс кісілер тонап кетті деп туыстарына жалған жауап берген.
Қызылорда қаласының №2 сотымен сотталушы И. ҚР ҚК нің 351-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 200 (екі) жүз сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: