Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Былтыр 72 адам жемқорлық сипатындағы заңдылықты бұзушылыққа жол берген

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңдылықты бұзушылыққа жол бергені үшін 72 (2013ж.-43) адам жауапқа тартылған. Бұл жөнінде облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов облыстық коммуникациялар орталығында прокуратура органдарының 2014 жылы атқарған жұмыс нәтижесі бойынша өткізген брифингінде мәлім етті. 
Оның 33-і басшы құрамнан (қала әкімінің орынбасары, ІІД-нің басқарма бастығы, облыс әкімдігінің басқарма бастығының орынбасары, қалалық, аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары, спорт басқармасы басшысының орынбасары және т.б.) болып табылады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңдылықты бұзушылықтар жасаған бағынысты адамдарға шара қолданбағаны үшін Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылдық округінің әкімі Ж.Әбілхайыров пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдосоваға ӘҚБтК-нің 537-бабымен 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Жалағаш ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерімен жалған құжаттар жасау арқылы 2,4 млн. теңге бюджет қаржысын бас пайдасына жарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің «г» тармағы, 314-бабының 1-тармағымен қозғалған қылмыстық істің сотқа жолдануы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, Шиелі ауданындағы санаториялық бала бақшаға тегін жолдама беруге құқық беретін құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: